БАҚТЫБАЙ БАТЫР

Главная » 2010 » Декабрь » 21 » Қазақтың аға батыры-Ұран Бақтыбай батыр.
14:19
Қазақтың аға батыры-Ұран Бақтыбай батыр.
Қазақ халқының жоңғар-қалмақ басқыншылары мен патша отаршыларына қарсы ұлттық қозғалысы мен соғыстарын,қазақ халқының басына түкен үлкен зобалаң,қайғы-қасірет әкелген «Ақтабан шұбырынды ,Алқакөл сұлама»оқиғаларын зерттеп,талдай келе сол кездегі сыртқы жауларға қарсы елдін басын біріктіріп,құрсаудай қалын қол жинап,қаһармандық ерлік көрсетіп,аттары аңыз бен Ұранға айналған қазақтың қас батырларының есімдері көптеп анықталып,ашылып,айқындалып келе жатыр.
Сол батырлардың бірі,сол кездегі Шекті деген жалпақ елдің басын біріктіріп,қол жинап,ту котеріп,қан майданда өзінің аса ерлігімен көзге түскен,аты ұранға айналған тарихи тұлғалардын бірі-Бақтыбай батыр.
Бақтыбай баба жөнінде архивтерде нақтылы құжаттар бар.Бақтыбай бабаның ұрпақтары жөнінде,қалай Ұран болғаны жөнінде,ол кісінің зиратының осы уақытқа дейін көне орнының(тозығы жетсе де) сақталып,бар екендігі жөнінде әр деңгейдегі газеттерде көп жазылды.1962 жылдың шілде айының бас жағында баба ұрпақтары Тағаниязов Күнтөлеу және Мамбетрзаев Әблази деген азаматтар Бақтыбай бабаның зиратының басына барып,ол кісінің қабірінің жатқан жерін анықтап қайтты.Бабаның қабірі Байғанин ауданы,Жем өзенінің шығыс жақ жағалауында, «Қарасақал»қорымында.
Баба қабірінің басында көне және кейін жаңғыртылып қойған құлыптас белгілері бар.Шектінің таңбасы қойылған.1998 жылы баба басына үш күмбезді көрнекті кесене салынды.
Ұран Бақтыбай Төлесұлы 1690-1700 жылдар аралығында туған деп жорамалданады және ол кісі 60 жастың үстінде ұрыс майданында жау оғынан қаза болған.Халық аузындағы жыр,Аңыз-жорамалдарға және тарихи деректерге сүйенсек,1760-1770 жылдар шамасында дүние салған деп топшылауға болады.Демек,бүкіл қазақ халқының 1711-1770 жылдардағы болған жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы жанқиярлық отан соғысы кезеңінде өсіп,шыңдалып,барлық саналы өмірін қан майданда жаумен арпалысумен өткізген.Бұл кезең қазақтың атышулы аса көрнекті аса көрнекті қолбасшылары Қабанбай,Бөгенбай,Райымбек,Сыпатай,Сырым,Тама Есет, табын Барақ,кете Арал,шекті Тайлақ,хан Әбілхайырдың уақытына тура келеді.Бүкіл Шекті елі бас қосып,оның жас болсада соғыс майданындағы ерлігіне әбден риза болып,бірнеше рет сыннан өткізіп,ақ отау тігіп,ақ киізге көтеріп,ақмүйіз шалып,15 жасында Шектіге бас батыр қылып,Ұран сайлаған.Әкесі Төлес баласы Бақтыбайдың өте жас екендігін ойлап,осыншама жалпақ елді қолын бастап,ауыр жүгін арқалап жүре ала ма деген үлкен тебіренген толғанысқа түсіп,сол кездегі аруақты батырлардың бірі Тама Есеттің Бақтыбайға батасын алып беріп,халық сенімін батамен бекіткісі келеді.! «Егер Тама Есет балама оң батасын берсе,аруақ қоңып,құдай қолдап,халықтың сенімін ақтар»,-деген екен әкесі Төлес.Есет Бақтыбайға батасын береді.Бақтыбай аруақты батыр,атағы ұранға айналады.Егерде Тама Есеттің 1667 жылы туғаның ескерсек Есет Бақтыбайдан 23-30 жастай үлкен болған.Бақтыбай бата алғанда Есет 50-55 жастың шамасында болған.Кейбір жарияланған құжаттарда 1749 жылы маусым айының 5 жұлдызында шекті-қырғыз батыры Бәйімбеттің асында тама Есет шектінің биі-батыры Бақтыбаймен кездесіп,патша отаршыларының халыққа жасап отырған озбырлығына қарсы халықты көтеру керек екендігі жөнінде сөйлесілді деп жазылған....Сол жылы күзде Тама Есет қайтыс болады.Тама Есет қайтыс болғаннан кейін Бақтыбай тек қана шекті емес елі емес,көршілес Әлімнің басқа да елдерімен қатар,жеті ру елінің де батырларының басын қосып,өз туының астына біріктірді.Ол жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы соғыса отырып,патша басқыншыларына қиян-кескі,келісімсіз-көшірімсіз соғыстар жүргізеді,олардың қамалдарына шабуылдап,керуендерін ұстап,олжаларын қара халыққа таратып беріп,отаршыларға үлкен тойтарыс жасап отырады.Бақтыбай Қоқан түріктерімен көп соғысқан.Оның Асан деген батыр баласы 28 жасында сол түрікмендермен соғыста,көп қолмен жалғыз соғысып,үлкен ерлікпен қаза табады.Бір соғыста Бақтыбай батыр қалмақ қолының бас батырымен жекпе-жекке шығып,ат үстінде басын шауып түсіріп,қолын қырып,малын айдап,сол батырдың қызын әйелдікке алады.Сол қалмақ шешемізден Ералы,Сералы,Жәміш деген үш ұл баласы болады.Олардың ұрпақтары қазір Мұғаджар,Қандыағаш елдерінде тұрады.
Төлес ұлы Бақтыбайды 15 жасында Шекті елінің бас батыры қылып.Ұран сайлау тегіннен тегін емес.Батыр болу үшін соңына мың сан қол ертіп,ту котеріп,қаптаған жауға өзі бірінші болып кіріп,көзсіз ерлік жасау керек,үлкен қайрат,айла,тәсіл жасап,жауды қырып,өз жағы шығынсыз ұтымды соғыс салу керек және бұндай ерліктер бірнеше дүркін қайталанып,ел сынынан өту керек,сонда ғана сондай ерлерге халық «батыр»атағын берген.Одан кейін аға батыр,бас батыр атақтары,кейбіреулеріне тархан атағы берілген.Бұндай атақты Жәнібек,Тама Есеттер алған.Ал тарихта кез келген батырға Ұран атағын бермеген.Бір елдің ұраны болу үшін асқан ерлігімен қатар,ел басқарар ақыл парасаты мол,аруағы асқан,алғашқы шайқаста жаудың бетін қайтарып,кейінгі қолға жол ашар,жолбарыс жүректі батыр ғана Ұран бола алған,олардың алдында аруағы төбесінде бұлты,оққағар пірі бар ерекше тұлғалар екендігін халық тани білген,бір туар қолбасшы кемеңгер болған.Осындай алланың аруақты пендесінің бірі Бақтыбай батырдың атағы ұранға айналған.Әлім,шекті елдерінен шыққан қазақ тарихының төрінен орын алған,атақтары ел аузында аңызға айналған Көтібар,Арыстан,Ақтан,Жылқыаман,Жанқожа,Есет Көтібарұлы,Қайдауыл,Қарағұл Әзберген,Байқазақ,Торайғыр,Елтізер тағы басқа ғасырдан ғасырға жалғасқан Әлім елінің атақты батырлары жауына «Бақтыбайлап» шапқан,талай қамалды бұзған,жекпе-жекте қарсы батырдың басын алған.Ел аузындағы:
Біздің ел отырады Қобда жайлап,
Қоңынан жарылады бота-тайлақ.
Әлімнің найза ұстаған батырлары
Жорыққа аттанады «Бақтыбайлап»-деген шумақтарда терең тарихи мән,көп шежірелердің шешімі бар сияқты.
Шекті Бақтыбай батырмен замандас батырлар мен хандардың барлығы бірдей ел Ұраны атағына шыққан жоқ.Олардың арасында Қаракерей Қабанбай,Абылай,Бөгенбай,Майлыбайларды ғана өз елдері ұран қылып таныды.
Ұранға шықкан Бақтыбай баба жөнінде жоғарыдағы ой .пікірлер тұжырымды болу үшін кейбір орталық газеттер мен баспалардағы баба жөніндегі басылымдардан бір,екі мысалдар келтірсек артық болмас деймін.
1.1992 жыл 7 ақпан. «Қазақ әдебиеті»газеті.Әбдікәрім Хасенов.
(6,7) беттер. «Үш ғасыр иінінде» деген үлкен көлемде жарияланған мақаласында «Ақтабан»шұбырынды. «Алқакөл сұлама» заманындағы жүз жылдан астам қазақ халқының жоңғарлар басқыншылығына қарсы отан соғысында халыққа басшылық етіп,қан майданда өлімге басын тіккен аса корнекті мемлекет қайраткерлепі хандар,қолбасшылар,аға батырлар,билер,жыраулар,елшілер,ақындар,батыр қыздар,арулар т.б ірі,атақты тұлғалар туралы үлкен тізім,тарихи дәлелдеме келтірілген.Солардың ішінде қазақтың аға батырлары қатарында Әлім Бақтыбай,Тама Есет,Табын Бөкенбай,т.б батырлар жазылған.Бұл батырлар жоңғар басқыншыларына қарсы 1711-1770 жылдар арасында соғыстарға қатысқан.Бұл кезең Бақтыбай батырдың өмірі мен соғысқан кезеңіне сәйкес келеді.
2.1992 жыл.25 маусым. «Ақтөбе»газеті.
Тарих Ғылымдарының кандидаты З.Байдосовтың «Ту ұстап,тарлан мінген тархан» деген батыр Есет Көкіұлының өмір тарихы туралы жазған көлемді мақаласында тархан Есет Көкіұлы мен шектінің батыр биі Бақтыбайдың қырғыз Бейімбет батырдың асында 1749 жылы маусым айының 5 жұлдызында кездесіп,Есет Көкіұлы Бақтыбай бастаған батырларға патша үкіметінің қазақ жамағатына қиянат етіп отырғандығы,халықты өз жерінен ығыстыруға бағыт алғандығы жайлы айтылған.(Орын.Обл.Мем.Архиві 122 кор.1тарау,172-174 бет) деп келтірген.Бұл құжаттар ұранға шыққан Бақтыбай бабаның өз заманындағы аты шулы қолбасшы тархан Есет Көкіұлымен де замандас,қарулас және сый құрметте болғандығын дәлелдейді.
3. «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» №12,1990 жыл,21 наурыз.Газеттерде басылған бүкіл қазақ халқының «Төр шежірелері» туралы кестелер мен мәлімдерде әр елдің таңбасы мен ұрандарын анықтап жариялағанда шекті елінің
(Жақайым,Жаңғылыш,Айдарбек,Есеналы,Бөлек)бас батыры және ұраны «Бақтыбай» екні анық корсетіледі.
Ұран Бақтыбай батырдың тарихи деңгейі-оның сол кездегі аты шулы батырлармен,билер мен Тархан аталған Тама Есет,Жәнібектер мен үзеңгілес,қарулас болғандығы,хан мен Ұлы билердің ел тағдырын талқылаған кеңестеріне катысулы.Мысалы,1726 жылы Ұлы үш бидің қатысуымен Кіші жүздің ханы Әбілхайырды бүкіл қазақ жасағының бас сардары етіп сайлағанда,хан отырған ақ киіздің бір ұшын әр рудың батырлары мен бірге Әлім руы атынан Бақтыбай да ұстаған,Атақты «Далатау» шайқасын өзінің «Түп тұқиянымнан өзіме шейін» деген кітабында Қазыбек бек Тауасарұлы: «Кіші жүз Шекті батырлары Қабақ ұрпақтары бір рулы елдің ұрысын жүргізеді.Мен осылай дегенімде Бөгенбайда құптап жауап берді»-деп жазады.Демек Бақтыбай батырдың бұл соғыста қол бастағаны анық.
Тарихи зерттеулерде,Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың 1731 жылы Ресей патшалығына бодандыққа өту туралы саясаты кезеңінен басталатын,кейін Нұралы хан тұсында хан ордасында болған патшаның тілмаштары мен прапорщиктері М.Тевкелеев,И.Муравин,И.Ригельман,Я.Гуляевтің 1760 жылға дейін жүргізілген іс-жазбаларында,архивтік құжаттарда Бақтыбай батыр Төлесұлының ел басқарудағы хан кеңесіне араласқан,ірі саяси мәселелерді шешуде ықпалды тұлға болғандығы ашық айтылады.
Мысалы,1748 жылдың 5 қазаны Әбілқайырдың орнына,оның баласы Нұралы сұлтанды хан етіп бекітуге император Елизаветтаға Кіші және Орта жүз билері мен батырларды барлығы 32 адам қол қойған өтінішінде Шектіден Бақтыбай би де қол қойған,делінген.Бұл батырдың саяси деңгейі.Сол жылдың 21 кыркүйегінде Нұралы сұлтан шешесі Бопай ханымға келгенде,қасына Кете Алтай,Шекті Бақтыбай,Байлы Бәйтерек,Керейіт Қошымқожа батырларды ертіп барған.Бұл батырдың хан санасар ірі тұлға,ел басшысы екендігін дәлелдейді.
Ұранға шыққын Бақтыбай батырдың тарихи бейнесі Әбіш Кекілбайдың «Үркер» атты тарихи романында айкын сомдалып көрсетілген.
Бақтыбай батырдың атақ даңқы,өзінен кейін ғасырлар өткен срңда халық батырлары Жанқожа,Көтібар,Арыстан,Жанқожа,
Жылқамандарга сыйынар күш,Ұраны болғандығы Ғ.Ахметовтың «Жем бойында»,1992 ж.Ә.Оспановтың «Жанқожа батыр» 1992 ж т.б тарихи ,әдеби кітабтарда нақтылы деректермен айқындалып сомдалған.Бұл деректердің барлығы ғылыми зерттеліп,тарихи дәлелденген айғақтар.
Жазушы Әбсаттар Оспанов «Жанқожа батыр» деген кітабында кішкене шекті Жанқожа,Қаракесек,Ақтан,сыр бойындағы табын,шөмекей,тқртқара батырлары да,Жанқожа мен бір тудың астында «Бақтыбайлап» жауға атой салғанын жазады.Батыр баба жөнінде тарихи дәлелдемелер көп,ол кісінің халық арасынан шыққан халық батыры екені баршаға мәлім екені баршаға мәлім.Бұл бабаның атын ел ішінде аса құрметтейтіні соншалықты,біздердің бала кезімізде,қазіргі көне көз әжелер Бақтыбай ауылы туралап аталмай, «Ұранға шыққан ауылы» дейтін.Ол кісінің аруағына тек қана жауға шыққанда емес,бәйгеге ат қосқанда,палуан салғанда,басқа да бастарына қиыншылық түсіп сасқанда,қорыққанда аруағына сыйынып,шапағатшы бола гөр деп тілейтін,Бақтыбай баба аруағының жәрдемін сезінетін еді.
Жоғарыдағы деректерді,естіген және оқыған дәлелдемелерді келтіре отырып,18 ғасырда аты шулы бабаларымыз Абылай,Бөгенбай,Қабанбай,Сауырық,Тайлақ,Есет,Сыпытай,
Әбілхайырлармен терезесі тең қазақ халқының төр шежіресі аға батыры қатарында орын алған Ұранға шыққан Әлім Бақтыбай батырдың тарихта ерекше орны бар тұлға екенін танытқымыз келеді.
2000 жылы келешек ұрпаққа өз халқына деген сүйіспеншілік патриоттық сезім ұялатар тәрбиелік зор мәні бар игілікті істердің бірі-Шалқар қаласында №2 мектеп-гимназия ғимаратының алдына еліне Ұран болған бабамыздың тас мүсіні қойылып,мәңгілік ескерткіш орнатылды.Ақтобе,Шалқар,Арал қалаларында көшенің аттары берілді.
Ұран Бақтыбай батырдың атақ даңқын,ел теуелсіздігі мен бостандығы үшін жасаған қаһармандық ерліктерін,оның Отанына,халқына адалдық сүйіспеншілігін кейінгі жастарға насихаттау,олардың санасына ұялату мақсатында ардақты бабамыздың атын «Бақтыбай батыр» мектебі деп Шалқардағы №2 мектеп-гимназиясына берсе өте лайықты және жарасымды болары сөзсіз.Бұл халықтың ойындағы орындалған игілікті іс болар еді.Халықтың тілегі де осы.
Тәуелсіз ел болғанда заман енді түзелгенде өз ойымызды,өз мақсаттарымызды жасауға толық мүмкіншілік тұрғанда,қазақтың кең пейілімен рухтанып,ел болып,өткен асылдарымыз бен ардақтыларымызға төрден орын беріп,олардың азаттық үшін көтерген туын желбіретіп,ұрандаған даусын жоғары әсерлей түсу бізге үлкен азаматтық ұрпақтық парыз.


Әділбаев Оразбай Әділбайұлы
Әділбаев Ғалым Ғаниұлы
БАҚТЫБАЙ БАБА ТЕГІ.
2010 жыл

Просмотров: 5788 | Добавил: MST | Рейтинг: 3.7/9
Всего комментариев: 3
3 Davidsycle  
0
Dive into a world where the hottest, teen-tagged videos reign supreme on the most preferred platform. These <a href=https://bit.ly/3RD7KYG>top-rated teen</a> treasures offer a tantalizing feast for the senses, featuring youthful beauties in their prime. From naughty novices to seasoned seductresses, these videos deliver a thrilling journey of sexual exploration and erotic indulgence. Each clip is a testament to the allure of youth, capturing the raw energy and unbridled passion of these enchanting sirens. So, prepare to be captivated, enthralled, and left yearning for more in this collection of sensual delights.

2 Галым  
0
Бар

1 салихова сара  
0
лабактын шыгу теги туралы деректер барма

Имя *:
Email *:
Код *:
Приветствую Вас Гость